ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАТШАЛЫҚ БИЛІК ПЕН ОРЫС ПРАВОСЛАВ ШІРКЕУІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН ОТАРЛАУДАҒЫ ОРНЫ (XIX-XX Ғ. БАСЫ)

Авторлар

  • Тасмагамбетов Асет Сембаевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-0497-3822

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520107

Кілт сөздер:

Патшалық билік, орыс православ шіркеуі, епархиялық басқару, әскери-азаматтық билік, православиелік миссионерлік, діни басқару, мемлекеттік бақылау, Ресей империясы

Аңдатпа

Бұл мақалада орыс православие шіркеуінің қазақ жерлері Ресей империясының құрамына кірү кезеңіндегі (XIX ғ. – XX ғ. басы) патша үкіметімен арақатынасы, оның Қазақстандағы отарлық басқару жүйесіндегі орны мен қызметі тарихи тұрғыда талданады. Патша билігінің шіркеуді мемлекеттік аппараттың бір бөлігіне айналдыру урдісі (қасиетті синодтың құрылуы, епархиялық басқарудың енгізілуі, обер-прокурор институтының рөлі) сипатталады. Автор Орынбор және Омбы епархияларының материалдары негізінде Қазақстандағы православие шіркеуінің әкімшілік және миссионерлік қызметін саралап, оның отарлық саясатпен байланысын ашады. Шіркеу әкімшілігі мен жергілікті билік құрылымдарының өзара әрекеттестігі, миссионерлік іс-шаралар, діни бақылау мен рухани кеңістікті басқару тетіктері жан-жақты қарастырылады. Мақалада тарихи-салыстармалы және тарихи-жүйелік әдістерді қолдана отырып белгіленіп қаралып отырған саладағы үрдістер жан-жақты зерделеніп, шіркеудің патшалық билікпен институционалдық байланыстары мен миссиясының мазмұны талданады. Сонымен қатар, синодтық басқару кезеңінің ерекшеліктері мен оның отарлық саясат шеңберіндегі ықпалы нақты мұрағаттық деректер мен баспасөз материалдары арқылы негізделеді. Зерттеу нәтижесінде православие шіркеуінің рухани мекеме ғана емес, сонымен қатар қазақ жерлерінің Ресей империясының қүрамына  кірген тұста отарлық билік мүдделеріне қызмет еткен әкімшілік құрылым ретінде көрініс тапқаны анықталады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 54

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.