ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ МИССИОНЕРЛІК САЯСАТТЫҢ БАРЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202520106Кілт сөздер:
Миссионер, миссионерлік қызмет, рухани отарлау, дін, христиан діні, православие.Аңдатпа
Мақалада батыс өңірдегі миссионерлік саясаттың тарихи контексті, әлеуметтік, мәдени және саяси аспектілерін талдау арқылы осы тақырыптың өзектілігін көрсету мақсат етілген. Қазақстанның батыс өңірінде миссионерлік саясаттың барысы – тарих, мәдениет, және діндер арасындағы өзара әсерлерді зерттеу тұрғысынан маңызды тақырып болып табылады. Бұл өңірге тән ерекшеліктерді, соның ішінде ұлттар мен халықтардың этникалық және діни көптүрлілігін, сондай-ақ аймақтың тарихи дамуын ескере отырып, миссионерлік әрекеттердің қалай жүзеге асқанын түсіну маңызды. Зерттеу барысында Қазақстанның батыс өңіріндегі миссионерлік қызметтің ерекшеліктері мен нәтижелері, осы қызметтің қазақ қоғамына және оның діни, рухани әлеміне әсері қарастырылады. Авторлар, қазақ даласының батыс өңірдегі миссионерлердің қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттарын мұрағат деректері арқылы талдап, жергілікті халықтың діни сенімдеріне қатысты жүргізілген империялық саясаттың салдарын, Қазақстандағы діни ахуалдың өзгеруіне тоқталған. Зерттеудің тарихи талдау, салыстыру әдістері бойынша мерзімдік баспасөз беттеріндегі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектерге, докторлық диссертацияларға шолу жасалып, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатының 174-175 қорларының, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының 25-64 қорларының құжаттары талданып, ғылыми тұжырым жасалды.