XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ - XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАЛ ЖӘНЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540106

Кілт сөздер:

Мал шаруашылығы, егіншілік, экономика, қоныс аудару саясаты

Аңдатпа

Мақалада XIX–XX ғасырдың басындағы Батыс Қазақстан өңірінде мал және егін шаруашылығына негізделген аралас шаруашылық жүйесінің қалыптасуы мен даму үдерісі жан-жақты талданады. Зерттеуде аймақ халықтарының дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығынан біртіндеп жартылай көшпелі және отырықшы өмір салтына ауысуына әсер еткен табиғи-географиялық жағдайлар, әлеуметтік-экономикалық ықпалдар және саяси шешімдер қарастырылады. Сонымен қатар егіншіліктің далалық аймақтарда таралуына түрткі болған ішкі және сыртқы факторлар, оның ішінде жер мәселесі, отарлық басқару саясатындағы өзгерістер, жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы шаруашылық тәжірибе алмасуы сияқты құбылыстар ғылыми тұрғыдан сарапталады. Мақалада Батыс Қазақстандағы аралас шаруашылықтың қалыптасуы аймақтың экономикалық құрылымын жаңғыртып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік бейнесіне, күнкөріс модельдеріне, еңбек дағдыларына және дәстүрлі шаруашылық мәдениетіне айтарлықтай ықпал еткені көрсетіледі. Шаруашылық қатынастарының эволюциясы арқылы аймақтың отарлық кезеңдегі әлеуметтік стратификациясы, жер пайдалану ерекшеліктері, жаңа экономикалық байланыстардың қалыптасуы сияқты маңызды мәселелер ашылады. Зерттеу нәтижелері Батыс Қазақстанның экономикалық дамуындағы тарихи бетбұрыстарды терең түсінуге, отарлық кезеңнің өңірлік ерекшеліктерін айқындауға және аралас шаруашылықтың кейінгі кезеңдердегі аграрлық саясат пен ауылдық қоғамның қалыптасуына тигізген ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 71

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.