ОҢТАЙЛЫ БАҒУ ЖӘНЕ АЗЫҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ЕШКІЛЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Нұралиев Мухан Танатарұлы «Қ.У. Медеубеков атындағы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Автор https://orcid.org/0000-0003-0750-5266
  • Кайрлы Есенгалиев Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор
  • Кенжебаева Тыныштық «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» Автор https://orcid.org/0009-0009-7929-4243
  • Бағжаева Салтанат «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» Автор https://orcid.org/0000-0002-0074-6377

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610506

Кілт сөздер:

ешкі, сүт, селекция, тұқым, будандастыру, азықтандыру, рацион.

Аңдатпа

Мақалада ұдайы өндіру мақсатында будандастырудан алынған будан ешкілердің өнімділік көрсеткіштері зерттеліп, олардың сүт өнімділігіне жас ерекшеліктерінің әсері талданған. Зерттеу барысында туған жылы шағылыстырылған шыбыштардың 1–1,8 жас аралығындағы кейінгі сүт берімі небәрі 175,3 литрді, ал орташа тәуліктік сүт мөлшері 0,69 литрді құрағаны анықталды. Бұл көрсеткіштер 2 және 3 жастағы ешкілердің сүт өнімділігімен салыстырғанда тиісінше 250,6 және 350,1 литрге төмен екені байқалды. Аталған нәтижелер будан ешкілерді тым ерте жастан шағылыстыруға қосудың экономикалық және өндірістік тұрғыдан тиімсіз екенін көрсетеді.

Сонымен қатар зерттеуде қан құю (вводное скрещивание) әдісі арқылы алынған будан ешкілердің өнімділік көрсеткіштері қарастырылды. Жаңазеландиялық селекциядағы таза тұқымды заанен текелерімен будандастыру нәтижесінде алынған ұрпақтардың сүт өнімділігі жоғары болғаны анықталды. Атап айтқанда, олардың жалпы сүт өнімі 536,15 литрді, ал орташа тәуліктік сүт мөлшері 1,79 литрді құрады. Бұл көрсеткіш 2 жасар ешкілердің өнімділігімен салыстырғанда 29,7%-ға немесе 159,6 литрге төмен болғанымен, ерте жастағы шыбыштардың көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болды.

Зерттеу нәтижелері будандастырудың тиімді тәсілдерін қолдану және ешкілерді шағылыстырудың оңтайлы жасын анықтау арқылы сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Алынған мәліметтер ешкі шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын жетілдіруге және жоғары өнімді мал басын қалыптастыруға ғылыми негіз бола алады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Нұралиев Мухан Танатарұлы, «Қ.У. Медеубеков атындағы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

  • Кенжебаева Тыныштық, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

  • Бағжаева Салтанат, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты»

    аға зертханашы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 20

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.