ОРЫС ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭТНОГРАФИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430104Кілт сөздер:
Этнографиялық зерттеулер, орыс әскерилері, саяхатшылар, ғалымдар, Кіші жүз, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, шаруашылық.Аңдатпа
Мақалада қазақ жерін зерттеуге жіберілген орыс экспедицияларының бағыты болып саналатын этнографиялық зерттеулер жөнінде сөз қозғалады. Еділ мен Жайық арасын мекендеген қазақтардың этнографиясына арналған талдамалық зерттеулер жүргізілді. Кіші жүз қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жөнінде көлемді материалдар ұсынылды. XVIII-XIX ғғ. Батыс Қазақстан халқының шаруашылығы мен кәсібіне сипаттама берілді. Кіші жүздегі сауда-саттық, мал шаруашылығының тұрмыстағы маңызына талдау жасалынды. Саяхатшылардың негізгі мақсат-міндетімен, олардың жеткен жетістіктері қарастырылады. XVIII-XIX ғғ. Еділ мен Жайық арасындағы қазақтардың өмір салтындағы көшпенділіктің алар орынына ғалымдардың берген бағасы пысықталады. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының қазақ өмірін қалай өзгерткендігі жөнінде зерттеушілердің пікірлерімен көзқарастарына талдау жасалынады. Зерттеу нәтижесінде саяхатшылардың Кіші жүз қазақтарын көрші халықтармен (татар, башқұрт) салыстыра отырып баға бергендігі анықталады. Еділ мен Жайық арасын мекендеген қазақтардың Ұлы жүзбен Орта жүз қазақтарынан өзіндік ерекшеліктері барыда ғалымдардың еңбектерінде жазылған. Кіші жүздегі дәстүрлі ғұрыптардың сипаты жөнінде баяндалады. Қорытынды бөлімінде Батыс Қазақстан даласына жүргізілген этнографиялық барлау жұмыстарының тарихнамалық деңгейдегі маңызы анықталып, қазақ тарихын әлемге паш етудегі орыс ғалымдары мен саяхатшыларының тигізген әсеріне баға беріледі.