ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ САУЫН СИЫРЛАРДЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ӨСІП КӨБЕЮ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530501Кілт сөздер:
сауын маусымы, жынысы бойынша бөлінген ұрық, сүт құрамы, ұрықтандырылуы, ультрадыбыстық сканерАңдатпа
Сүт бағытындағы ірі қара малдың өнімділігі мен асыл тұқымдық қасиеттерін арттырудың маңызды алғышарты болып табылатын: -отанымызда және әлемде ірі қара малдың тектік қорын пайдаланып, сүтті бағыттағы малдың тұқымдарының шаруашылыққа-пайдалы белгілерін жетілдіру және генетикалық әлеуеттілігін арттыру бағытында зерттеулер жүргізу; - биотехнология саласындағы жетістіктерді пайдалану арқылы сүтті мал басын ұлғайтумен жаңа отандық типтегі малды және импорттық селекциялы сиырларды өсімін молайту технологиясын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Сондықтан зерттеудің мақсаты сиырлардың сүт өнімділігін талдау және әртүрлі аймақтардағы шаруашылықтар жағдайында сиырларды біржыныстық (жынысына бөлінген) ұрықтармен қолдан ұрықтандырудың тиімділігін зерттеу болды. Зерттеулер Ақтөбе облысының "Айс" ЖШС, Атырау облысының "Первомайский" ЖШС және Алматы облысының "Айдарбаев Е.С." ШҚ жүргізілді. Зерттеу бойынша материалдар бастапқы зоотехниялық және асыл тұқымдық есепке алу құжаттары (АТЖ жүйесінен), сондай-ақ эксперименттік зерттеулер, көзбен бағалау, өлшеу, жануарларды бақылау сауын нәтижелері болды. Барлық жануарлар бірдей азықтандыру және ұстау жағдайында болды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің үш тәжірибелік шаруашылығында сиырлардың орташа сүт өнімділігі 9549±95 кг, сүттің майлылығы 3,70±0,01 %, ақуыздылығы 3,27±0,01% құрайтыны анықталды. "Айс" ЖШС-де алғашқы ұрықтандырудан қашарлардың ұрықтануы 35 басты немесе ұрықтандырылған мал басының жалпы санының 66,0%, "Айдарбаев Е.С"ШҚ-да -31 басты немесе 57,4% құрады. "Айс" ЖШС-де екінші реттік күйлеген нәтижесі бойынша 48 бас ұрықтандырылды, бұл ұрықтандырылған мал басының жалпы санының 88,9% құрайды. "Айдарбаев Е.С" ШҚ - да 38 бас қашар, немесе 70,3%, Первомайский ЖШС-де 32 қашар, немесе бұл 61,5% құрады. "Айс" ЖШС-де жынысы бойынша бөлінген ұрықты қолдану және 12 айда 1 кг тірі салмаққа 1200 теңгеден кем емес қашарлардың нарықтық құны кезінде ұрғашы төлдің орта есеппен 93% алу. ұрықтандыру шығындарын шегергенде таза пайда 76109,2 мың теңге әкеледі. Қалыпты тұқымды пайдалану және 50% қатынасында төл алу кезінде 66069,0 мың теңге пайда әкеледі, сондықтан шаруашылық 10 миллион теңгеден астам қосымша пайда алады.