«ҰЛЫ ГЭТСБИДІ» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530204Кілт сөздер:
Көркем аударма, Ұлы Гэтсби, теңеулерді аудару, идиомалар аудармасы, метафоралар аудармасы, мәдени бейімдеу, аударма стратегияларыАңдатпа
Мақаланың мақсаты – Ф.Скотт Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» классикалық романын қазақ тіліне аударуға байланысты лингвистикалық, мәдени және стилистикалық мәселелерді зерттеу болып табылады. Американдық әдебиеттің іргелі туындыларының бірі, сол кезеңге тән символизмді, идиомаларды және 1920-жылдардағы американдық қоғамға мәдени сілтемелерді қолдануға байланысты қазақ аудармашылары үшін ерекше қиындықтар туғызады. Бұл зерттеуде көркем аударманы теориялық тұрғыдан талдау әдісі, салыстырмалы аударма талдауы және мәтіндік талдау секілді зерттеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ, мақалада әлеуметтік таптың сәйкестілігі мен Американдық арманның ерекшеліктерін қазақ тілді аудиторияға жеткізу үшін қолданылатын аударма стратегиялары талқыланып, аударманың эквиваленттілігі сараланды. Зерттеу нәтижелері Фицджеральдтың лирикалық прозасы, кейіпкерлерге тән сөйлеу мәнері және метафоралар (мысалы, «green light», «ash valley»), теңеулер сияқты негізгі элементтердің қазақ тілінде әдеби үні мен мағынасын сақтай отырып аударылғандығын көрсетті. Зерттеу аудармашының тілдік тұлға ғана емес, сонымен қатар қос мәдениет арасын байланыстыратын тұлға ретіндегі рөлін көрсетеді және Батыс әдебиетін қазақ тілі контекстінде локализациялау мәселелерін кеңірек талқылауға ықпал етеді.