ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНЕ ҚОНЫСТАНҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРҒА ҚАРАСТЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Мусина Шынзада Бауыржан Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектеп Автор https://orcid.org/0009-0007-1672-7326
  • Тасмагамбетов Асет Сембаевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-0497-3822
  • Ерназаров Жаскайрат Тлеккабылович1, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4660-2464

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420107

Кілт сөздер:

Репатрианттар, қандастар, Батыс Қазақстан, бейімделу, халықтың көші-қоны.

Аңдатпа

Мақалада Тәуелсіздік жылдары тарихи Отанына оралған қандастардың Батыс Қазақстан аймағы бойынша орналасуы, әлеуметтік бейімделуі, өлкенің экономикалық-мәдени саласына қосқан үлесі зерттеледі.

Мақалада мемлекеттік саясат, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар, көші-қон үдерісі есебінен демографиялық дамудағы өзгерістер негізінде көшіп келген оралмандардың жергілікті халықпен саяси, этникалық, мәдени байланысы зерттеледі, олардың атамекенге келгендегі бейімделуі, әлеуметтік жағдайы, жергілікті халықпен қарым-қатынасы қарастырыла отырып, жаңа ғылыми зерттеулер, жазба деректер, этнографиялық материалдар салыстырылып талданып, сұхбаттасу жүргізілді.

Мақалада Батыс Қазақстанның Орал қаласы халқының әлеуметтік-демографиялық даму тарихына, өңірімізге келген қандастарымыздың жергілікті жерге бейімделуі, тұрмыс-жағдайы, өлкеміздің экономикалық-мәдени саласына қосқан үлесін баяндадық. Батыс Қазақстанның демографиялық даму қарқынына қарай қалалану үрдісінің қуатының артқандығы, қала үлгісіндегі ауылдардың санының осы оралмандар есебінен артуы тілге тиек етілді. Көші-қон үрдісі халықтың қоныстануы мен басқа ұлттардың өз тарихи Отанына көшіп кетуі яғни этнодемографиялық үрдістердің өзгеруі Батыс Қазақстанның халқының демографиялық жағдайына әсерін тигізді. Көші-қон үрдісі қала халқының қазіргі бет-бейнесін қалыптастырды. Алайда, қала халқының этникалық құрылымының келбеті өзгерді. Бұл өлкеміздегі халық құрамының көп ұлттылығымен ерекшеленуде.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 213

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.