АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЛА ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ (1989-2021 ЖЖ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420108

Кілт сөздер:

Этнодемография, қала халқы, урбанизация, көші-қон, халық санағы, ұлттық құрам.

Аңдатпа

Кейінгі отыз жылда Қазақстан халқы үлкен этндемографиялық өзгерістерге ұшырады. Басты демографиялық өзгерістердің бірі – халық құрылымының өзгеруі, яғни ауыл халқына қарағанда қала халқының үлесінің күрт өсуі. Бұл үрдіс қазіргі жаһандану жағдайындағы әлемдік демографиялық үрдістерге сәйкес келеді. Елімізде соңғы жылдары халқының саны қарқынды өсіп отырған өңірлер айқындалып келеді. Солардың бірі – Ақтөбе облысы. Облыс республикадағы урбанизация деңгейі жоғары өңірлердің бірі. Әсіресе, жаңа ғасырдан бастап облыс орталығы Ақтөбе қаласының халқының саны көрт өсті. Бұл урбанизация және облыс орталығының айналасына шоғырланған агломерация үдерістерінің әсерінен орын алып отыр. Мақаланың мақсаты осы үдерістердің нәтижесіндегі Ақтөбе облысының қала халқының этнодемографиялық дамуында орын алған өзгерістерді зерттеу, ондағы үрдістерді анықтау. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қала халқы санының динамикасы, жыныстық және ұлттық құрамы, жұмыспен қамтылу деңгейі, білім деңгейі талданып, экономиканың әр саласы бойынша еңбек етушілердің саны анықталды.

Мақаланы жазу барысында тарихилық, объективтілік принциптерді ұстандық. Қала халқының этнодемографиялық дамуын зерделеуде проблемалық-хронологиялық әдіс басшылыққа алынды. Сол сияқты мақаланы жазу барысында тарихи демографияға тән сипаттамалық әдіс, математикалық-статистикалық әдіс, салыстырмалы әдіс, талдау, жалпылау әдістері қолданылды. Олар арқылы қала халқы санының динамикасы, өсіп-өну деңгейі, халық құрамындағы ерлер мен әйелдердің үлесі, ұлттық құрамы, ондағы жекелеген этностардың үлес салмағы есептеліп, анықталды. Зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар маңызды, оларды тарихи демография пәнін оқытқанда, өлке тарихын зерттеуде пайдалануға болады.          

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.