ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЕЙ РЕСТАВРАЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530102

Кілт сөздер:

музей, қалпына келтіру, реставрациялық орталық, музей қоры, музей заты, көрме, экспонат.

Аңдатпа

Мақала отандық тарих ғылымында өзекті тақырып болып саналатын Қазақстандағы музей реставрациясының тарихын зерттеуге бағытталған. Күні бүгінге дейін жарық көрген ғылыми еңбектерде еліміздегі музей жүйесінің қалыптасуы мен дамуы біртұтас оқиға ретінде қарастырылды. Ал музей ісінің жекелеген бағыттары толыққанды зерттелмеді.

Автор Қазан төңкерісіне дейінгі музей реставрациясының жай-күйін сипаттап, тарихи жәдігерлерді қалпына келтірудегі халық арасындағы ұсталардың, қолөнершілердің қызметіне тоқталған. Мақалада кеңестік замандағы музей реставрациясының жаңа кезеңге қадам басуы, кәсіби реставратор мамандардың қалыптасу барысы жан-жақты зерделенген.   Сонымен қатар архив деректері негізінде Қазақстан музейлерінің реставрация жұмысын ұйымдастыруда кезіккен қиындықтары мен мәселелеріне талдау жасалған.

Еліміздің егемендікке қол жеткізуі ұлттық мәдениетіміздің дамуына жол ашты. Ғылыми-зерттеу жұмысында тәуелсіздік жылдарында Қазақстан музейлерінің реставрация саласында жүзеге асырған маңызды жобалары, олардың нәтижелері талданады. Сондай-ақ, қазіргі таңда реставрация саласын дамытуда қордаланған мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 18

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.