Заманауи құрылыстағы құбырлы бетон ұстындары
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540707Кілт сөздер:
Құбырлы бетон, құбырлы бетон ұстындары, композиттік материалдарАңдатпа
Соңғы онжылдықтарда құбырлы бетон - болат пен бетонның артықшылықтарын біріктіретін композиттік материалдардың дамуы бағытындағы негізгі технологиялардың бірі. Мақалада құбырлы бетон ұстындарының конструктивтік ерекшеліктері мен олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Негізгі көлденең қима түрлері келтірілген. ҚР ЕЖ EN 1994-1-1 талаптары негізінде материалдардың деформациялық үйлесімділік критерийі тұжырымдалып, оған сәйкес болаттың аққыштық шегі бетон ең жоғарғы кернеуге жеткен сәттегі деформациядан төмен болуы тиіс екені анықталған. Әртүрлі болат маркалары мен бетон кластарын таңдау үшін есептік деформациялар және оларды үйлестіруге арналған ұсынымдар берілген. Сонымен қатар, құбырлы бетон конструкцияларын биік ғимараттар мен аркалы көпірлерде қолдану мысалдары көрсетілген, оның ішінде Қытай Халық Республикасында жүзеге асқан нысандар да қарастырылған. Тайбэй 101 ғимараты мен Пиннань ауданындағы «Үшінші» көпір секілді маңызды объектілерге шолу жасалады. Бұл зерттеу құбырлы бетонды қолданудың қазіргі жағдайын және оның құрылыс саласындағы болашағын көрсетеді.