АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ (1880-1980 ЖЖ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520103

Кілт сөздер:

Ақтөбе облысы, кітапхана тарихы, ағарту ісі, кітап қоры, кеңестік кезең

Аңдатпа

Мақалада 1880-1980 жылдар аралығындағы Ақтөбе облысындағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен даму тарихы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу архивтік құжаттар, ғылыми әдебиет және өлкетанулық дереккөздер негізінде жүргізілді. Өңірлік кітапхана жүйесінің эволюциясы кезең-кезеңімен сипатталады: алғашқы мектептік, шіркеу жанындағы және қоғамдық кітапханалардан бастап, кеңестік кезеңдегі орталықтандырылған жүйеге дейінгі даму жолдары ашып көрсетіледі. Ыбырай Алтынсарин бастаған ағартушылардың алғашқы кітапханаларды ұйымдастырудағы, халыққа білім берудегі және сауаттылықты арттырудағы рөліне ерекше мән беріледі. Кітап қорын толықтыру, материалдық-техникалық жабдықтау, кәсіби кадрлар даярлау, кітапхана-автомобильдер енгізу, автоматтандырудың алғашқы кезеңдері де жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, кітапханалардың әлеуметтік қызметі – тұрғындардың білімін, мәдени деңгейін көтерудегі, тарихи сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызы көрсетіледі. Зерттеу қорытындысында кітапхана ісін аймақтық деңгейде әрі қарай ғылыми тұрғыда зерттеудің өзектілігі атап өтіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 36

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.