ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ГЕОПОЛИМЕРЛІ БЕТОНДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Авторлар

  • Джумабаева Камар Муратовна Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7633-4064
  • Нариков Канат Амангельдиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6459-140X
  • Ідірісов Бексұлтан Лепесұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3586-7128

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620702

Кілт сөздер:

тұтқыр материалдар, геополимер, күл-қож, шлак, экология, беріктік.

Аңдатпа

Мақалада құрылыс индустриясында қолданылатын геополимерлі және клинкерсіз тұтқыр материалдардың қазіргі даму бағыттары қарастырылған. Негізгі назар металлургиялық және энергетикалық өндірістерден шығатын күл, қож, микрокремнезем және кальцинденген каолин сияқты техногендік шикізаттарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне аударылған. Геополимер түзілуінің физика-химиялық ерекшеліктері, сілтілік активаторлардың құрамы мен модулінің әсері, сондай-ақ қатаю режимдерінің материалдың құрылымдық қалыптасуы мен механикалық қасиеттеріне ықпалы талданған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оңтайлы технологиялық параметрлерді таңдау арқылы жоғары беріктікке, су және аязға төзімділікке ие композиттер алуға болады. Сонымен қатар, экологиялық аспектілер, көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері қарастырылған. Қазақстан аумағындағы күл-қож ресурстарының мол қоры бұл бағыттың ғылыми және өндірістік тұрғыдан перспективалы екенін дәлелдейді. Геополимерлі байланыстырғыштар дәстүрлі портландцементке экологиялық және энергия үнемдеуші балама ретінде маңызды орын алады және тұрақты құрылыс материалдарын дамытуға ықпал етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Джумабаева Камар Муратовна, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    PhD докторанты

  • Нариков Канат Амангельдиевич, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты

  • Ідірісов Бексұлтан Лепесұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    техника ғылымдарының магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 46

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.