БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ ТҰТҚЫР МАТЕРИАЛДЫ АЛУ МҮМКІНДІГІН ЗЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610707Кілт сөздер:
Тұтқыр материал, минералды шикізат, опока, зерттеулер, зертханалық үлгілер, физика-механикалық қасиеттері.Аңдатпа
Мақалада 2025 жылғы 17 наурыздағы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ - да №0226РКД0017 болып тіркелген «Батыс –Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ мен «Аймақ» ШҚ арасында әдеби және патенттік іздестіру жүргізу және шикізат компоненттерінің қасиеттерін зерделеу тақырыбы бойынша шаруашылық шарты есебінің материалы көрсетілген. Минералды шикізатын – опока негізіндегі тұтқыр материалдың технологиясын зерделеудің, зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Ғылыми зерттеудің міндеті құрылыс материалдарын өндіруде тұтқыр материал технологиясын жасау үшін минералды табиғи шикізатты қолдану мүмкіндігін талдау болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты-Қазақстан Республикасында заманауи азаматтық және ойластырылған құрылыс үшін Қазақстанның батыс өңірінің Шипов кен орны опокасы негізінде цемент өндіру технологиясын әзірлеу. Мақалада опоканың шығу тегі туралы айтылады. Опоканың физика-механикалық қасиеттері зертханалық зерттеулер арқылы, құрылыс материалдары бойынша университет зертханасының аспаптары мен жабдықтарын пайдалана отырып зерттелді. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде опоканың негізгі физика-механикалық қасиеттері анықталды.