ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1920-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ АЯҒЫ – 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҮКІМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ДІНИ ІСТЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620105Кілт сөздер:
Мемлекет, дін, саясат, комиссия, қатынастар, мемлекеттік мекемелер, діни ұйымдар, дінге сенушілерАңдатпа
Бұл мақалада Кеңес үкіметінің өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанда дінге қарасты жүзеге асырған саясатындағы ресми жүйенің қызметі қаралады. Осы тұрғыда билік әр деңгейде арнайы ресми комиссиялар құрып, солар арқылы мемлекет пен дін арасындағы қатынастарды реттеуді көздеді. Негізінен бұл комиссиялардың қызметі Кеңес үкіметі өзінің дінге қарасты саясатын заңды жолмен жүзеге асырып жатыр деген көріністі қалыптастыру үшін керек еді, іс жүзінде олай болмаса да. Мақаланың зерттеу объектісі Қазақстандағы Кеңес билігі мен діни саланың арасындағы өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қатынастар, ал пәні ретінде осы қатынастарды реттеу үшін құрылған комиссиялардың қызметі қаралады. Жұмыстың мақсаты осы комиссиялардың дүниеге келуінің себептерін, қызметтерінің өту барысын, ерекшеліктерін және жұмыстарының нәтижелерін анықтау. Қолданылған материалдар қатарында Қазақстаннның орталық және өңірлік мұрағаттарының, құжаттар жинақтарының деректері және осы тақырыптағы ғылыми жұмыстардың мәліметтері. Зерттеу барысында тарихилық, жүйелілік принциптері және реттілік пен салыстырмалы әдістер қолданылды. Мақаланың қорытындылары Қазақстандағы Кеңес билігінің қаралып отырған кезеңдегі дінге қарасты саясатының түпкі мақсаттарын, жүзеге асуының барысын, ерекшеліктерін және іс жүзіндегі нәтижелерін айқындауға мүмкіндік береді. Олар осы бағыттағы басқа зерттеулер мен қатар қаралып отырған тақырыпқа қарасты тарихтағы концептуалды көзқарастардың одан әрі қалыптасуына өз үлесін қосады.