ДИАТОМИТТІҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620703Кілт сөздер:
минералогия, геохимия , XRD , кварц, диатомит, ауыр металдар, кремний , алюмосиликаттарАңдатпа
Бұл мақалада Ақтөбе облысы, Жалпақ кен орнындағы диатомит шикізатының минералогиялық және гоехимиялық құрамдары бойынша мәліметтер келтірілген. Ол үшін рентгендік дифракциялық талдау мен химиялық талдау әдістері қолданылды. Диатомит құрамында негізгі минерал ретінде кварц анықталды. Бұл шикізатты кремний көзі ретінде қолдануға болатынын көрсетеді. Сонымен қоса каолинит, иллит сияқты саз құрамында кездесетін минералдар да байқалды. Гоехимиялық талдаулар барысында да кремний мөлшері жоғарылығымен қатар, ванадий, хром, барий және никель сияқты элементтердің бар екендігі анықталды.
Диатомиттің құрамы мен құрылымының ерекшеліктеріне байланысты құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина тағы да көптеген салаларда қолдануға болатынын көрсетеді. Және де әр түрлі салада бұл шикізатты қолдану ерекшеліктері мен тиімділігі ғылыми бағыттардың қызығушылығын туығызып отырғанын көруге болады. Оның сорып алу, сүзгілеу қасиеті де жан-жақты зерттеліп, лайықты бағаланып келеді. Тек орналасу орны мен табағи жағдайларына қарай кішкене өзгешеліктерді байқауға болады.