БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АРАЛАРДА АСКОСФЕРОЗ ТУДЫРАТЫН ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ОҚШАУЛАНУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620405Кілт сөздер:
аралар, аскосфероз, омарта, себінді, диагностика, дақыл, микоздар, зертханалық зерттеулерАңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы бал арасы ұяларынан Аскосфероз қоздырғышын диагностикалау және бөліп алу нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер 2025–2026 жылдары облыстың қолайсыз омарталарында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде зақымданған ара дернәсілдері, балауыз ұяшығындағы зақымдалған дернәсіл және ауру белгілері бар ара отбасыларынан алынған патологиялық материалдар пайдаланылды.
Клиникалық, эпизоотологиялық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Ара ұяларын тексеру барысында ауруға тән белгілер анықталды: ақ және сұр түсті мумияланған дернәсілдердің болуы, аралардың белсенділігінің төмендеуі және дернәсіл құрылымының бұзылуы. 2025 жылы Батыс Қазақстан облысының омарталарында ара отбасыларының аскосферозбен зақымдануы 80%-ды құрағаны анықталды, бұл аурудың өңірде кең таралғанын көрсетеді. Микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде Ascosphaera apis саңырауқұлағының мицелийі мен споралары анықталды. Қоздырғышты бөліп алу үшін патологиялық материал Сабуро қоректік ортасына себіліп, 28–30 °С температурада өсірілді. Нәтижесінде ақ және сұр түсті саңырауқұлақ колониялары алынды.
Аурудың дамуына ара ұяларындағы жоғары ылғалдылық, желдетудің жеткіліксіздігі және ара отбасыларының әлсіреуі әсер ететіні анықталды. Алынған нәтижелер Батыс Қазақстан облысы омарталарында аскосфероздың таралғанын және уақтылы диагностикалық әрі профилактикалық шараларды жүргізудің қажеттілігін дәлелдейді.