СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІ (1946-1989)ЖЖ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420101

Кілт сөздер:

демография, урбанизация, миграция, қала халқы, агломерация, халықтың механикалық өсімі, табиғи өсім, этникалық құрылым

Аңдатпа

Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы Орал қаласының демографиялық даму қарқындылығы сипатталады. Аталмыш жылдарда Батыс Қазақстан орталығы Орал қаласының әлеуметтік-демографиялық даму келбеті өзгерді. Соғыстан кейінгі жылдардағы халықтың өсіп-өну көрсеткіштерінде оң өзгерістер көрініс тапса, өлім-жітім құбылыстарының төмендеуі халық санының сипатын айқындады. Қарастырылып отырған кезеңде халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер қаладағы қазақ халқының үлес салмағының төмендеуіне ықпал етті. Соғыстан кейінгі жылдарда елімізде Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Павлодар сияқты қалалар қарқынды дами бастады, кейбір қалалар жаңадан пайда болып жатты. Орал қаласы да өнеркәсіптік дамудағы қарқынын күшейте түскен еліміздің батыс аймағындағы қуатты қала қатарынан саналды. Орал қаласы Батыс Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда ерекшелігі, халық санының өсімі табиғи өсім есебінен жүзеге асуымен байланысты еді. Көршілес Атырау, Ақтөбе қалаларының халық өсімі 1946-1989 жылдар аралығында негізінен механикалық өсім есебінен арта түсті. Орал қаласының халқы қарастырылып отырған кезеңде 29,5 пайызға артып отыр. Соғысқа дейінгі кезеңде Орал қаласы халқының өсімі 6,4 пайызды құраған еді. Бұл көрсеткіштер Орал қаласының 1946-1989 жылдардағы демографиялық даму бағытының жоғары болғанын дәлелдейді.       

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 114

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.