XIX–XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ДІНИ-КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ (ИШАНДАР, АХУНДАР, ХАЗІРЕТТЕР)

Авторлар

  • Сабыргалиева Назгуль Бактыгалиевна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-8934-2602

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610108

Кілт сөздер:

Мектеп, медресе, ислам, Ресей патшалығы, мешіт, ағартушылық

Аңдатпа

Мақалада қазақ қоғамындағы ислам мәдениетінің қалыптасуы мен даму үдерісінде діни қайраткерлердің, ишандар, хазіреттер мен ахундардың атқарған қызметі кеңінен талданады. Автор ислам дінінің қазақ даласына таралуы, оның дәстүрлі дүниетаныммен сабақтаса орнығуы және қоғамдық санаға сіңу жолдарын тарихи деректер негізінде саралайды. Ишан, ахун, хазірет секілді діни лауазымдардың мәні ашылып, олардың рухани-ағартушылық, тәлім-тәрбиелік және қоғамдық қызметтері айқындалады.

Зерттеуде қожалар институтының рөлі, медреселер мен мектептердің қызметі, дәстүрлі (қадым) және жаңашыл (жәдид) оқу жүйесінің ерекшеліктері көрсетіледі. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты жағдайында мұсылмандық білім беру орындарының қызметі мен оған қойылған талаптар да қарастырылады. Сонымен қатар XIX–XX ғасырдың басындағы діни реформаторлық қозғалыстың ықпалы мен ишандар институтының қоғамдағы орнына баға беріледі.

Досжан ишан Қашақұлы, Жиенғали ахун Жұмағалиұлы, Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы, Жұмағұл хазірет Байшуақұлы, Бисен хазірет Абдоллаұлы сияқты тұлғалардың өмірі мен қызметі мысалға алынып, олардың ел бірлігі мен рухани тұтастықты сақтаудағы еңбегі көрсетіледі. Мақалада діни қайраткерлердің халыққа исламның негізгі қағидаларын түсінікті тілмен жеткізіп, ұлттық болмыспен ұштастыра насихаттауы нәтижесінде ислам құндылықтары қазақ қоғамының ажырамас бөлігіне айналғаны тұжырымдалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

31-38 тен 38

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.