ЕТ ӨНІМІНІҢ ЭНЕРГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫҢ  ШЫҒЫМЫНА ІСЕК ГЕНОТИПТЕРІНІҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Косилов Владимир Иванович Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4754-1771
  • Бозымова Айгуль Казыбаевна Батыс Қазақстан инженерлік-инновациялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0003-6322-6699
  • Давлетова Айнур Маликовна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3178-3277

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610505

Кілт сөздер:

қой шаруашылығы, романов тұқымы, будандар, ісектер, энергиялық құндылық, құрғақ заттардың мөлшері.

Аңдатпа

Мақалада әртүрлі генотипті ісектердің ет өнімділігі мен оның сапасын салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде романов қой тұқымының таза тұқымды жануарлары (I топ), сондай-ақ бірінші ұрпақтың  ½ еділбай х ½ романов будандары (II топ) және екінші ұрпақтағы ¾ еділбай х ¼ романов будандары (III топ) алынды.

Зерттеу барысында қойлардың генотипінің еттің қоректік заттарының шығымына және энергиялық құндылығына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Жұмыс барысында 1 кг жеуге жарамды ұшаның бөлік етіндегі құрғақ заттар мөлшері 319,2–354,2 г аралығында, экстракцияланған май — 111,0–134,7 г, ақуыз — 198,1–209,1 г шегінде ауытқығаны анықталды. Энергия концентрациясы үлгілерде 7722–8834 кДж аралығында болды.

Сапалық көрсеткіштердің талдауы нәтижесінде еттің ақуыз пен майдың қатынасы 1:0,56 – 1:0,64 аралығында, еттің жетілу деңгейі 16,30–20,86% құрады. Ет өнімдерінің қоректік заттарының мөлшері, энергия концентрациясы және жетілу деңгейі бойынша минималды көрсеткіштер таза тұқымды романов ісектеріне тән екендігі анықталды. Алынған деректер биологиялық тұрғыдан толыққанды қой етін өндіру үшін ең тиімді генотиптік комбинацияларды ғылыми негізде таңдауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Косилов Владимир Иванович, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

  • Бозымова Айгуль Казыбаевна, Батыс Қазақстан инженерлік-инновациялық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

  • Давлетова Айнур Маликовна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 79

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.