ӘР ТҮРЛІ АЗЫҚТАРМЕН БОРДАҚЫЛАУДЫҢ ЕДІЛБАЙ ҚОЙЛАРЫ ЕРКЕК ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ТІРІ САЛМАҒЫ ӨСІМІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540504Кілт сөздер:
еділбай, рацион, премикс, өнімділік, сойыс көрсеткіші,өсу қарқыны.Аңдатпа
Бұл мақалада еділбай қойлары еркек қозыларын бордақылау кезінде премикс қоспасының өсу өнімділігіне әсерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі ірі жемшөптер мен дән өнімдеріне негізделген азықтандыруда қой ағзасының қалыпты дамуына қажетті минералдар мен дәрумендер жеткіліксіз болады. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында құрамында макро- және микроэлементтер (P, S, Mg, Zn, I, Mn, Se) мен дәрумендер (D, C) бар арнайы премикс рационға қосылды. Зерттеу жұмыстары 90 күндік жайылым кезеңінде 10 бастан екі топ (бақылау және тәжірибелік) еділбай қойлары еркек қозылары арасында жүргізілді. Тәжірибелік тобындағы еркек қозылары негізгі рационға қосымша премикс алды. Нәтижесінде тәжірибелік топтағы қозылардың тірілей салмағы, тәуліктік салмақ қосуы және сойыс көрсеткіштері жоғары болды, оның ішінде тоңмай мен майлы құйрық массасының артуы байқалды. Зерттеу премиксті рационға енгізу еділбай қойлары еркек қозыларының өсу қарқынын, сойыс шығымын және жалпы өнімділігін жақсартатының көрсетті.