ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАЛАРЫНЫҢ ҰРЫҚ САПАСЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610503Кілт сөздер:
қазақтың ақбас тұқымы, бұқа ұрығы, сперматозоидтар концентрациясы, шәует қоюлығы, қозғалыс белсенділігі, электроэякуляция, ұрық сапасыАңдатпа
Бұл зерттеу қазақтың ақбас тұқымды бұқаларының ұрық сапасын бағалауға бағытталған. Зерттеу 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында «Жайылған» ЖШС және «Береке» ШҚ-ға қарасты 1,5–2,5 жас аралығындағы 16 бас бұқада жүргізілді. Ұрық электроэякуляция әдісімен алынып, Accuread Bovine фотометрі және дәстүрлі микроскопиялық әдістер арқылы бағаланды. Бағалау критерийлері ретінде ұрықтың сыртқы көрінісі, сперматозоидтар концентрациясы, шәуеттің қоюлығы және белсенділік деңгейі қолданылды. Нәтижелер бойынша, ұрықтың басым бөлігі ақ немесе сарғыштау реңкті ақ түсті болып, сперматозоидтар концентрациясы 0,6–1,0 млрд/мл аралығында, белсенділігі 6–10 балл болды. Шәуеттің қоюлығы Қ (қою), О (орташа) және С (сұйық) деп анықталды. «Жайылған» ЖШС үлгілерінде концентрация жоғары, ал «Береке» ШҚ-да кейбір бұқаларда төмендеу байқалды. Зерттеу қорытындысы бойынша, бағаланған бұқалардың ұрық сапасы стандарттық талаптарға сәйкес келіп, селекциялық және репродуктивтік құндылығын растайды. Алынған мәліметтер аналық мал табындарында бұқаларды тиімді пайдалану және етті мал шаруашылығында табынды «тазарту» жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Accuread Bovine сияқты құралдарының қолданылуы зерттеу процесін дәл әрі жылдам жүзеге асыруға септігін тигізеді