ҮЙРЕКТЕРДІН «БЛАГОВАРСКИЙ» КРОССТАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ: ЗООТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕТТІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620503Кілт сөздер:
құс шаруашылығы, үйректің «Благоварский» кроссы, ферменттік қоспалар, құс өнімділігі, тірі салмақ, ет сапасыАңдатпа
Жұмыста ферменттік қоспалардың үйректердің «Благоварский» кросстарының өнімділігі мен ет сапасына әсері зерттелді. Эксперимент бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінген бір күндік үйрек балапандарына жүргізілді. Тәжірибелік топтағы құстар ферменттік қоспасы бар рационды алды, ал бақылау тобы онсыз азықтанды. Азықтандыру үйректер 26 апталық жасқа — жұмыртқа сала бастау кезеңіне жеткенше жалғасты. Зерттеу барысында 8 және 26 аптадағы тірі салмақ, абсолюттік және орташа тәуліктік өсім, 1 кг өсімге жұмсалған азық шығыны, мал басының сақталуы және іріктелген мекиендердің (жас үйректер) шығымы бағаланды. Қосымша 26 аптада бақылау союы мен ұшаларға анатомиялық талдау, сондай-ақ еттің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығына талдау жүргізілді. Нәтижелер ферменттік қоспалардың тірі салмақты айтарлықтай арттыратынын көрсетті: 26 аптада бақылау тобымен айырмашылық 369,9 г құрады. Тәжірибелік топтағы абсолюттік өсім 29%-ға жоғары болды, ал орташа тәуліктік өсім бақылаудағы 5,1 г-мен салыстырғанда 6,69 г-ды құрады. 1 кг өсімге жұмсалатын азық шығыны 8,4%-ға төмендеді, мал басының сақталуы 2,5%-ға, ал іріктелген мекиендердің шығымы 6,2%-ға өсті. Сонымен қатар, ет сипаттамалары жақсарды: мүшеленген ұша салмағы 315,4 г-ға, бұлшықет салмағы 156,1 г-ға артты. Еттің энергетикалық құндылығы 4,4%-ға өсті, ал жеуге жарамды және жарамсыз бөліктердің арақатынасы 6,8%-ға жақсарды. Алынған мәліметтер ферменттік қоспаларды қолдану қоректік заттардың игерілуін оңтайландыратынын, өндірістік құс шаруашылығының өнімділігі мен тиімділігін арттыратынын растайды.