ӨНІМДІЛІГІ ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ ТҰҚЫМДЫ ҚАЗДАРДЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ДИНАМИКАСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540503Кілт сөздер:
Етті бағыттағы қаз тұқымдары, өсу қарқыны, өсу динамикасы, салыстырмалы өсім, абсолютті өсімАңдатпа
Мақалада Қазақстанның аграрлық секторындағы қаз шаруашылығын дамыту және халықты жоғары сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалған. Осы тұрғыда, импортқа тәуелділікті азайту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құс шаруашылығының генетикалық базасын жедел жақсарту маңызды болып табылады. Жұмыстың мақсаты – линда, қытай ақ (wanxi) және венгр ет бағытындағы ауыр тұқымды қаз балапандарының 90 күнге дейінгі тірі салмағының өсу динамикасын салыстырмалы түрде талдау және олардың өнімділік потенциалын анықтау және Қазақстанның климаттық-экономикалық жағдайларына ең тиімді тұқымды таңдау үшін ғылыми негізделген ұсыныстар беру. Зерттеу Батыс Қазақстан облысындағы құнды генотиптерді тарату бойынша республикадағы жалғыз асыл тұқымды репродуктор базасында жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, линда тұқымды қаз балапандары 1-63 күн аралығындағы өсіру кезеңінде ең жоғары тірі салмақ өсімі мен орташа тәуліктік өсім қарқындылығын көрсетті. 90 күнге дейінгі жалпы абсолюттік өсім бойынша да линда қаздары басқа тұқымдардан 3,7%-дан 4,7%-ға дейін артық болды. Сонымен қатар, барлық тұқымдардағы өсудің күрт баяулауына байланысты, 63 күнге дейін бордақылаудың экономикалық тиімділігі негізделді.
Қорытындылай келе, зерттеу нәтижелері линда тұқымын отандық құс шаруашылығындағы ет бағытындағы ең тиімді шешім ретінде ұсынады, бұл Қазақстандағы селекциялық жұмыстарды жетілдіруге және ғылыми-тәжірибелік базаны нығайтуға үлес қосады.