АМЕРИКАЛЫҚ СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ ГОЛШТИНДЕРМЕН ӘРТҮРЛІ ҰРПАҚ БУДАНДАРЫ МЕН ҚЫЗЫЛ ДАЛА ТҰҚЫМЫ БҰҚАШЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАШАРЛАРЫНЫҢ СОЙЫС САПАЛАРЫНА ГЕНОТИПТІҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620507Кілт сөздер:
мал шаруашылығы, қызыл дала тұқымы, американдық селекциядағы голштин тұқымы, таза тұқымды және будан бұқашықтар, қашарлар, будандастыру, сойыс көрсеткіштеріАңдатпа
Мақала таза тұқымды қызыл дала тұқымының төлдері мен оның бірінші және екінші буын будандарының сойыс сапаларын зерттеу нәтижелеріне арналған. Генотиптің әсері таза тұқымды және будан бұқашықтар мен қашарларда зерттелді.
Будан жануарлардың барлық сызықтық көрсеткіштер бойынша таза тұқымды малдардан басым екендігі анықталды. Сонымен қатар әртүрлі генотиптегі жануарлар ұшаларының сызықтық өлшемдерінің деңгейі бірдей болмауы олардың еттілік қасиетін сипаттайтын коэффициенттер шамасына да әсер етті. Атап айтқанда, I және II буындағы голштин будандары ұша толықтылығы коэффициенті бойынша таза тұқымды құрдастарынан бұқашықтарда тиісінше 5,31% және 3,70%-ға, қашарларда 7,98% және 5,8%-ға, санның толымдылық коэффициенті бойынша тиісінше 4,00% және 1,93%, 2,90% және 1,73%-ға жоғары болды.
Алынған мәліметтер мен олардың талдауы қызыл дала тұқымының сиырларын американдық селекциядағы голштиндермен будандастырудың будан төлдердің сойыс сапаларына оң әсер ететіндігін көрсетті. Мәселен, I және II буындағы будан бұқашықтар қызыл дала тұқымындағы құрдастарынан жұп ұша массасы бойынша 20,01 кг-ға (8,7%) және 19,54 кг-ға (8,5%), ұша шығымы бойынша 0,95% және 0,99%-ға, сойыс массасы бойынша 20,42 кг-ға (8,6%) және 17,78 кг-ға (7,5%), сойыс шығымы бойынша 0,94% және 0,52%-ға басым болды. Қашарлар тиісінше 24,17 кг-ға (13,4%) және 16,99 кг-ға (9,4%), 1,58% және 1,20%, 24,1 кг-ға (12,3%) және 17,16 кг-ға (8,8%), 1,19% және 0,98%-ға артық көрсетті.
Сонымен қатар жыныстық диморфизм байқалды. Барлық генотиптер бойынша бұқашықтар ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері жөнінен қашарлардан басым болды.