КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Габдуллина Зухра Миндвайевна Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі Автор https://orcid.org/0009-0006-5714-8542
  • Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі Автор https://orcid.org/0009-0008-6471-018X

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540302

Кілт сөздер:

Колледж, ата-ана, цифрлық мәдениет, білім алушы дербестігі, отбасылық қарым-қатынас, кәсіби бағдар

Аңдатпа

Бұл мақалада Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2024–2025 және 2025–2026 оқу жылдары аралығында жүргізілген «Колледж білім алушылары мен ата-аналардың өзара қатынасы» тақырыбындағы әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің нәтижелері талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – білім алушы мен ата-ананың қарым-қатынас ерекшеліктерін, эмоциялық және материалдық қолдау деңгейін, цифрлық мәдениет пен ата-аналық бақылаудың оқу мотивациясына ықпалын анықтау. Сауалнама әдісі арқылы білім алушылар мен ата-аналардың өзара сенім деңгейі, пікір алмасу мәдениеті, қақтығыстарды шешу тәсілдері, цифрлық белсенділік және мамандық таңдау үдерісіндегі ата-ананың рөлі зерттелді. Зерттеу жүргізілген екі оқу жылы нәтижелерін салыстыру білім алушылар дербестігінің артқанын, ата-аналардың қолдау мен бақылауды теңестіруге ұмтылғанын, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас эмоциялық қолдау деңгейінің тұрақты түрде өскенін көрсетті. Үй жағдайының жақсаруы, ата-аналардың оқу үдерісіне қатысуы және қоғамдық белсенділікке қатысты ынталандыруы оң динамика көрсетті. Зерттеу нәтижелері колледж бен отбасының серіктестік моделін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 137

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.