ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНДАҒЫ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕРДИСКУРСИВТІЛІК КАТЕГОРИЯСЫ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540203

Кілт сөздер:

Ертегі дискурсы, интертекстуалдылық, интердискурсивтілік, мәтін, прецедентті ұғымдар, маркерлер, мәдени кодтар, прецедентті мәтіндер, имплицитті, эксплицитті.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ертегі дискурсындағы интертекстуалдылық пен интердискурсивтілікті анықтау. Мақалада қазіргі тіл білімі ғылымында мәтін талдаудың бір түрі ретінде қолданылып жүрген интертекстуалдылық және интердискурстивтілік әдісі, олардың  ертегі дискурсында қолданылу ерекшеліктері мәселелері қарастырылды. Зерттеуде дискурс талдау әдісі, семантика-стилистикалық әдіс, дефинициялық талдау әдісі, мәнмәтіндік талдау әдісі, салғастырмалы әдіс қолданылды. Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі авторлық ертегілер,  халықтық ертегілердегі интертекстуалдылық пен интердискурсивтілік категориясы талданды. Зерттеу нәтижесінде халықтық және авторлық ертегілердегі интертекстуалдық пен интердискурсивтілік категориясы жаңа мәтінді құруға негіз болатыны дәлелденді. Ертегідегі интертекстуалдылық пен интердискурсивтіліктің негізгі белгілері анықталды. Ертегілердегі прецеденттік кейіпкерлер, прецеденттік ұғымдар, имлицитті, эксплицитті ақпараттар, мәдени кодтар, қайталанатын эпизодтар интертекстуалдылық пен интердискурсивтіліктің негізгі белгілері болып саналады. Ертегідегі интертекстуалдылық пен интердискурсивтіліктің негізгі белгілері оқырманға мәтінді түсінуге, бұрынғы ақпаратпен салыстыруға, пайымдауға, қорытынды жасауға көмектеседі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 45

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.