КҮРДЕЛІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540607

Кілт сөздер:

бұрғылау ерітіндісі, жуу сұйықтығы, реологиялық қасиеттер, қатты фаза, сүзгілену, геологиялық-техникалық жағдайлар, ұңғыма.

Аңдатпа

Жұмыста Қарашығанақ мұнай-газконденсат кен орнына тән күрделі геологиялық-техникалық жағдайларда қалыптастырылатын ұңғымаларды пайдалану үшін арналған бұрғылау ерітінділерінің рецептураларын әзірлеу және оңтайландыру тәсілдері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі төмен өткізгіш терригендік қабаттарды тиімді ашуды қамтамасыз ететін және өнімді горизонттардың коллекторлық қасиеттерінің бұзылуын барынша азайтатын технологиялық әрі экологиялық қауіпсіз жуу жүйелерін қолдану қажеттілігімен айқындалады.

Қиманың литолого-стратиграфиялық ерекшеліктерін, қабаттық қысымдарды, температуралық режимді және асқынулар құрылымын талдау негізінде бұрғылау интервалдары бойынша қолданылатын әртүрлі типтегі бұрғылау ерітінділерін таңдау негізделген. Отандық реагенттерді (КМЦ-600, САЙПАН, ГИПАН, НТФ, ТПФН, КССБ) пайдалана отырып дайындалған ингибирленген, полимерлі және тұзбен қаныққан ерітінділердің қасиеттері жан-жақты қарастырылған.

Экспериментті жоспарлау әдісі арқылы бұрғылау ерітінділерінің құрамдары қалыптастырылып, олар үшін негізгі параметрлер анықталды: тығыздық, реология, сүзгілену, статикалық және пластикалық ығысу кернеуінің көрсеткіштері, ортаның қышқылдығы және т.б. Ерітінділердің технологиялық тиімділігі ұңғыма қабырғаларының тұрақтылығына, жыныстардың минералдық құрамына, сондай-ақ қиманың термобарикалық жағдайларына тәуелді екені анықталды.

Алынған нәтижелер қатты фазаның мөлшерін барынша азайту, қабатқа түсетін гидростатикалық қысымды төмендету және спуск-көтеру операциялары (СКО) кезінде гидродинамикалық импульстарды шектеу қажеттілігін дәлелдейді. Оңтайлы жүйе ретінде разуплотнёнған коллекторларға ең аз әсер ететін, крахмал, сілтілі силикаттар және алюминий сульфаты негізіндегі, утяжелитель ретінде СаCO₃ қолданылатын балшықсыз сулы ерітіндіні пайдалану ұсынылады.

Жұмыс қабаттық қысымдары жоғары жағдайларда бұрғылау ерітінділерін таңдауда кешенді және ғылыми негізделген тәсілдің маңыздылығын көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Александр Сергеевич, Облыстық бизнес және менеджмент институты

    ректор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 59

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.