ЖАЗБА ТІЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕТУДЕ ЧАТ-БОТТАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202520205Кілт сөздер:
Чат-боттар; шетел тілі құзыреттілігі; өзіндік оқу; интерактивті оқу; жасанды интеллект; жазу дағдысы.Аңдатпа
Жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, түрлі білім салаларында ақпаратты іздеуді және мазмұн құруды жеңілдетіп, жылдамдатты.
ChаtGPT бірнеше секунд ішінде кез келген тілде және стильде эссе мен басқа мәтін түрлерін жаза алады, бірақ ол әлі де бірегей мәтіндер жасай алмайтынын ұмытпауымыз керек. ChаtGPT және басқа жасанды интеллект құралдары желідегі бұрыннан бар контенттің жиынтығын пайдаланады, сондықтан олардың мәтіндері жасанды интеллект детекторларымен оңай танылады.
Дегенмен, чат-боттардың мүмкіндігі жай мәтін жасаудан әлдеқайда кең. Білім беру саласында олар жазбаша тілді дамытуға арналған тиімді құрал бола алады.
Чат-ботта студенттерге интерактивті диалогтар, қателерді автоматты түрде тексеру және жекелендірілген ұсыныстар арқылы жазу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Олар жазуға тақырыптар ұсына алады, грамматика мен стильді түзетеді, сондай-ақ нақты коммуникациялық жағдайларды модельдейді. Бұл жазбаша тілді саналы әрі терең меңгеруге ықпал етеді. Осылайша, чат-боттар жай мәтін генераторлары емес, оқу үдерісінде толыққанды көмекшілерге айналуда