ҚАЗАҚ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Раманова Айгул Абибуллаевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-2226-3704
  • Набиева Сандугаш Шандыбаевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530206

Кілт сөздер:

Гендерлік лингвистика, сөйлеу ерекшеліктері, ерлер тілі, әйелдер тілі, бейвербалды амалдар, этнолингвистика, қазақ дүниетанымы, мәдени код.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ сөйлеу тіліндегі гендерлік ерекшеліктердің тарихи, мәдени және әлеуметтік негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ерлер мен әйелдер тілінің құрылымдық, семантикалық, прагматикалық және бейвербалды қырларын айқындап, олардың ұлттық дүниетанымдағы орны мен қызметін көрсету. Жұмыста мазмұндық талдау, салыстырмалы, әлеуметтік-лингвистикалық, мәдени-тарихи, этимологиялық әдістер кешені қолданылды. Мақалада халық ауыз әдебиеті үлгілерін, фольклорлық мәтіндерді, көркем әдеби шығармаларды және этнолингвистикалық деректерді талдай отырып, гендерлік ерекшеліктердің тілдегі көрінісін жүйеленді.

Зерттеу нәтижелері қазақ қоғамындағы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдері олардың сөйлеу стилінде, сөздік қорында, бейвербалды амалдарында нақты көрініс табатыны дәлелденеді. Ерлердің тілінде қысқалық, нақтылық, батылдық басым болса, әйелдердің сөйлеуінде нәзіктік, эмоциялық рең, ізеттілік айқын аңғарылады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердегі гендерлік мазмұн ұлттық мәдени код пен әлеуметтік стереотиптерді бейнелейді. Қазіргі қоғамда бұл айырмашылықтар жұмсарып, жаңа коммуникативтік ортада (әлеуметтік желілер, кәсіби дискурс) жаңа сипатқа ие бола бастағаны атап көрсетілді.

Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, мәдениеттану, фольклортану салаларында, сондай-ақ тіл оқыту әдістемесінде қолдануға болады. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 108

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.