БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ РЕСЕЙ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ

Авторлар

  • Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-8354-7496
  • Тыныштықов Аңсар Қуанышқалиұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0002-5002-6105

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510107

Кілт сөздер:

Климат, барлау, экспедиция, орыс ғалымдары, табиғи, минералды байлық, су қоры.

Аңдатпа

Бұл мақалада XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік ғалымдардың еңбектерінде сипатталған Батыс Қазақстанның табиғи ресурстары зерттеледі. Еңбекте сол дәуірдегі орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының жазбалары арқылы аймақтың жер қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, су ресурстары сияқты табиғи байлықтары талданады. Ресей империясының ғылыми-географиялық экспедицияларының деректері негізінде аймақтың табиғи ерекшеліктері, олардың шаруашылықта қолданылу мүмкіндіктері және стратегиялық маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада зерттеушілердің еңбектері арқылы сол кезеңдегі экологиялық ахуал мен табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты көзқарастар да сараланады. Бұл зерттеу Батыс Қазақстанның тарихи-географиялық ерекшеліктерін түсінуге және өңірдің табиғи ресурстарын зерттеу тарихын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Ресей империясының қазақ даласын отарлаудағы стратегиясының бірі арзан шикізат көздерін табу, жерінің асты мен үстіндегі байлықтарын да игеру еді. Мақалада патшалық Ресейдің Қазақстанды түрлі экспедициялар мен ғалымдар жіберу арқылы, әскери чиновниктердің жинаған мәліметтері бойынша геологиялық-географиялық тұрғыдан зерттеуі және табылған қазба байлықтарын игеруі қарастырылады. Отарлық билік қазақ даласындағы кен орындарын игеруде орыс көпестеріне жағдай жасап, жеке өнеркәсібін дамытуға мүмкіндіктер берген еді. Олар ашылған кен орындарын қазақтардан арзан бағаға сатып алып, ол жерлердегі түсті металдар, көмір кендері мен минералдарын, т.б. байлықтарын игеруде империяның мүддесіне де қызмет жасады, өздері де көп пайда тауып отырды

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 107

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.