КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК

Авторлар

  • Раманова Айгул Абибуллаевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-2226-3704

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420204

Кілт сөздер:

Жалқы есім, көркем мәтін ономастикасы, ономастика, ономастикалық кеңістік, поэтикалық ономастика, поэтоним.

Аңдатпа

Тіл білімінің қазіргі даму кезеңінде жазушының тілдік тұлғасын зерттеу автордың шығармашылық жоспарын жүзеге асыруда пайдаланған білімін көрсететін ономастиканы зерттемейінше мүмкін емес. Көркем шығармаларда табиғат әлемі, адам туралы, қоғам туралы, мәдениет туралы білімдерге ерекше басымдық беріледі, сондықтан лингвистикалық тұлғаның аспектілері оним сияқты мәтін бірлігін антропоцентристік тұрғыдан зерттеу арқылы ашылады. Жеке қаламгердің туындысындағы ономастикалық атауларды зерттеу соңғы жылдары ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып жүр. Зерттеу жұмысының мақсаты көркем шығармаларда кездесетін ономастикалық атаулардың кеңістігі жайында түсінік беру, ғалымдар пікірлеріне тоқталу. Жұмыстың мақсатына жетуде талдау, жинақтау, статистикалық әдістер қолданылады. Жұмыстың нәтижесі көркем шығармалардағы жалқы есімдер табиғатын зерттеу мәселесі бүгінгі күні ғылымда поэтикалық ономастиканың зерттеу нысаны екендігін дәлелдеу, ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, поэтикалық ономастикаға түсініктеме беру. Жүргізілген зерттеудің құндылығы аймақ ономастикасын анықтаумен қатар, әдебиеттану, география, тарих ғылымдарына да қосар үлесінің зор екендігінде. Зерттеу нәтижелері поэтикалық ономастиканы зерттеуге қызығушылық танытқан ізденушілер үшін құнды болмақ. Көркем шығарма ономастикасы белгілі бір қаламгер туындысындағы жалқы есімдерге кеңінен талдау болып табылады.  

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 20

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.