МӘТІНДІ ТАЛДАУ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Ербулатова Ильмира Канатовна Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-5131-3953
  • Бердібаева Диана Айыбекқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Автор
  • Ербулатов Канат Хайруллаевич №1 ЖОББМ Автор

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530203

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, лингвистикалық білім беру, академиялық жазу, мәтінді автоматтандырылған талдау, цифрлық технологиялар, сыни ойлау, нейрожелі платформалар

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) және мәтінді автоматтандырылған талдау мүмкіндіктерін қазіргі лингвистикалық білім беру жүйесінде жан-жақты зерттеу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі – цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және оқу процесін жаңа жағдайларға бейімдеу қажеттілігімен айқындалады. Бұл, әсіресе, білім беру үдерісіне ЖИ құралдарын енгізуге қатысты.

Әдістері. Зерттеуде білім берудегі цифрлық трансформацияға арналған ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау және лингвистикалық бағыттарда оқитын студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері қолданылды.

Нәтижелер. ЖИ технологияларын қолданудың негізгі бағыттары анықталды: орфография мен грамматиканы автоматты түрде тексеру, мәтін генерациясы, лексика-семантикалық талдау, академиялық жазылымға қолдау көрсету, мәтінді интерпретациялау дағдыларын дамыту. Сауалнама нәтижелері ЖИ құралдары студенттердің оқу мотивациясын арттыруға, оқу үдерісіне белсенді қатысуға және өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау деңгейінің төмендеуі, технологияға тәуелділік және алгоритмдік үлгілеуге негізделген түпнұсқалықтың әлсіреуі сияқты қауіптер де айқындалды. ЖИ-ді тиімді қолдану оқушылардың когнитивтік дербестігін дамыту мен технологиялық қолдаудың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, педагогикалық тұрғыдан негізделген тәсілді талап етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 109

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.