БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ЖҮРІСІ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕР

Авторлар

  • Ходжабердиева Мариям Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет Автор https://orcid.org/0009-0008-5984-3850

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510108

Кілт сөздер:

Босқыншылық, ауа көшу, босқыншылықтың жүрісі, кеңестік саясат, саяси науқан.

Аңдатпа

Мақалада босқыншылықтың Ақтөбе өңіріндегі жүрісі жөнінде сөз қозғалады. Ақтөбе өңіріндегі ауа көшу бағыттары: республикаішілік, облыс ішіндегі көшулерге және республикадан тыс жерлерге көшу бағыттары анықталды. Қоныс аударудың себептері және негіздеріне материалдар  ұсынылды. Мақсатқа жету үшін шаруашылық - саяси науқандардың қазақ шаруашылығына әсері, кеңестік саясат салдары және қазақ шаруаларының босқыншылыққа ұшырау себептері қарастырылады. Қазақстаннан тысқары жерге босып кеткендердің де жағдайы жайлы деректер келтіріледі. Ақтөбе өңіріндегі ауа көшу тарихын және ғылыми зерттеулерде негізгі бағыттарды қалыптастыру архив материалдары арқылы зерттелінді. Босқындарды қайтару және орналастыру мәселелері сипатталды. Архив құжатында босқындардың легін тоқтату мақсатында асырылуға тиісті міндетті шаралардың жүзеге асырылуы туралы тіркелген мәліметтер анықталды. Жалпы ашаршылық жылдарындағы босқыншылықтың Қазақстанға келтірген залалы, этникалық құрамы мен экономикаға тигізген кері әсері айтарлықтай үлкен болды. Адамдардың көшуі мен кетуі ауылшаруашылық дағдарысынан баяу және ұзақ шығуға әкелді. Қорытынды бөлімінде Ақтөбе өңіріндегі ауа көшу мәселесінің тарихнамалық маңыздылығы айқындалып, кеңес саясатының қазақ шаруаларының көшуіне немесе ауа көшуіне себеп болған партия мен үкімет жүргізген қайшылықты саясаттар әсеріне баға берілді.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 61

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.