ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МОБИЛЬДІ ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620304Кілт сөздер:
қосымша білім беру, мобильді платформа, пайдаланушылық өзара әрекеттесуі, интероперабельдік, UX/UI, цифрлық экожүйе, платформаларды интеграциялау.Аңдатпа
Бұл мақалада қосымша білім беру жүйесіндегі мобильді платформалардағы пайдаланушылардың өзара әрекеттесу моделі қарастырылды. Зерттеу барысында әкімші, ұйым/жаттықтырушы және ата-ана/оқушы рөлдерінің функциялары мен олардың арасындағы ақпарат алмасу логикасы сипатталды. Мобильді платформаның тіркеу, хабарландыру, кесте құру және басқару процестерін автоматтандырудағы мүмкіндіктері талданды. Жүйелік, салыстырмалы, UX/UI және сценарийлік талдау әдістері негізінде платформаны енгізудің ұйымдастырушылық тетіктері анықталды. Сонымен қатар пайдаланушы рөлдерін дұрыс бөлу, деректер алмасуды жүйелеу және коммуникацияны орталықтандыру қосымша білім беру ұйымдарының басқару сапасына әсер ететіні көрсетілді. Зерттеу нәтижелері мұндай цифрлық шешімдердің әкімшілік жүктемені азайтып, ақпараттың қолжетімділігін арттырып, пайдаланушылар арасындағы коммуникацияны жеңілдететінін дәлелдейді. Алынған нәтижелер мобильді платформаларды жобалау, енгізу және оларды ұйымдық басқару тәжірибесінде тиімді пайдалану кезінде практикалық негіз ретінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар ұсынылған модель қосымша білім беру қызметтерінің ашықтығын арттыруға және ата-аналардың шешім қабылдау процесін жеңілдетуге ықпал етеді.