ОЙЫНҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУҒА ӘСЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610301

Кілт сөздер:

Цифрлық оқыту, геймификация, ойын технологиялары, шығармашылық ойлау, білім беру инновациялары, интерактивті оқыту.

Аңдатпа

Бұл мақалада ойынға негізделген цифрлық оқыту құралдарын білім беру үдерісінде қолданудың білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға ықпалы қарастырылады. Қазіргі цифрландыру жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту мен оқытудың тиімді әдістерін іздестіру өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда геймификация элементтері енгізілген цифрлық оқыту құралдары оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты - ойынға негізделген цифрлық оқыту құралдарын қолдану арқылы шығармашылық ойлауды дамыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін анықтау. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама және тәжірибелік-эксперименттік әдістер қолданылды.

Эксперимент нәтижелері ойын элементтері бар цифрлық платформаларды жүйелі қолдану білім алушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау қабілетін, жаңа идея ұсыну дағдыларын және оқу мотивациясын арттыратынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында цифрлық геймификацияланған құралдарды қолданудың әдістемелік негіздерін жетілдіруге ықпал етеді және педагогикалық тәжірибеде пайдалануға ұсынылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 107

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.