ДАРЫНДЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: ҚАЗІРГІ ТРЕНДТЕР

Авторлар

  • Баянбай Фариза Талғатқызы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет Автор https://orcid.org/0009-0009-5471-3157
  • Беркимбаев Камалбек Мейрбекұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi Автор https://orcid.org/0000-0002-5191-8140

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620301

Кілт сөздер:

Цифрлық трансформация, информатика, дарынды білім алушылар, цифрлық білім беру, оқытуды дербестендіру, жасанды интеллект, білім беру технологиялары, STEM білім беру, цифрлық дидактика, бейімделген оқыту.

Аңдатпа

Мақалада цифрлық қоғам жағдайында дарынды білім алушыларға информатика пәнін оқытудың цифрлық трансформациясының негізгі бағыттары қарастырылады. Білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізудің мазмұны мен ерекшеліктері талданып, оның оқыту әдістері мен формаларына әсері сипатталады.

Жұмыста жасанды интеллект, адаптивті платформалар, бұлттық технологиялар және STEM тәсілінің мүмкіндіктері қарастырылып, олардың оқытуды дербестендірудегі және білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі анықталады.

Сонымен қатар, дарынды білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тәсілдер сипатталады.

Зерттеу нәтижелері цифрлық трансформацияның білім алушылардың сыни және алгоритмдік ойлау мен цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін маңызды екенін көрсетеді. Мақалада білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері және оны тиімді жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Бұл мақаланың мақсаты – дарынды білім алушыларға информатика пәнін оқытуды цифрлық трансформациялаудың қазіргі тенденцияларын талдау, сондай-ақ цифрландыру жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 128

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.