ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
электр энергетикасы, қауіп, жазатайым оқиға, апат, жарақат, электр цехы, статистикалық әдіс, Кинней әдісі.
DOI:
https://doi.org/10.62724/202420306Кілт сөздер:
электр энергетикасы, қауіп, жазатайым оқиға, апат, жарақат, электр цехы, статистикалық әдіс, Кинней әдісі.Аңдатпа
Мақалада ТМД елдері мен Қазақстанның электр энергетикасы кәсіпорындарындағы жарақаттанушылықты зерттеу мәселелері қаралады. Тау-кен байыту, мұнай-газ және құрылыс секторының кәсіпорындары мен салаларында жарақаттану себептерінің туындауын және оларды шешу жолдарын зерттеу соңғы жылдары зерттеушілердің үлкен назарын өзіне аударады және осы мәселені зерделеу Қазақстанның батыс өңірлерінде өзекті болып табылады. Аталған мәселені зерттеу үшін Ақтөбе облысы Дөң тау-кен байыту комбинатының электр цехында жарақаттану жұмыстарына талдаулар жүргізілді. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тау-кен байыту, мұнай-газ және құрылыс секторының кәсіпорындары мен салаларында, сондай-ақ Қазақстанның электр энергетикасы кәсіпорындарында еңбекті қорғау, жарақаттану қауіпсіздігі техникасы бойынша теория мен практиканың қазіргі заманғы ережелері болды. Жұмыста статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау, нормативтік құжаттаманың контент-талдауы, модельдеу әдістері пайдаланылған. Сондай-ақ жарақаттану қаупі бар учаскелерді анықтау үшін статистикалық әдіс пайдаланылды және Кинней әдісі бойынша қауіптілік тәуекелін сандық түрде бағалау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 1 жылдан 4 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, білікті маман болып қалыптасатын және жұмыс жағдайына бейімделетін жұмысшылар ең көп жарақат алу қаупі бар болып табылатыны анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғалардың жиі кездесетін себебі еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау ережелерін бұзу болып табылатыны анықталды. Жазатайым оқиғалардың мән-жайларын зерделеу және олардың себептерін анықтау жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермейтін профилактикалық іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Кинней әдісі бойынша жүргізілген зерттеулер бойынша Дөң электр цехындағы қауіп-қатерді сандық бағалау қолайлы болып табылатыны анықталды. Алынған зерттеу нәтижелерін ТМД елдері мен Қазақстанның электр энергетикасы кәсіпорындарында пайдалануға болады.