ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430202Кілт сөздер:
әдістемелік құзыреттілік; филолог-студент; әдістемелік даярлық; мұғалім; дағды; қабілет; біліктілік; кәсібилік; әдістер.Аңдатпа
Бұл мақалада болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары қарастырылады. «ЖОО студентінің әдістемелік құзыреттілігі» ұғымына теориялық еңбектерді жинақталып, мәнін ашуға байланысты зерттеулер талданған. Филолог-студенттерді оқыту мазмұнындағы маңызды компонент әдістемелік даярлық екені белгілі. Студенттің кәсіби құзыреттілігінің ажырамас бөлігі ретіндегі әдістемелік даярлықтың әдістемелік құзыреттілікті қалыптастырудағы маңызы анықталған. Ғалымдардың зерттеу бағыттарынан мысал келтіре отырып, әдістемелік құзыреттіліктің қалыптасу жолдарын анықтауда түрлі факторлар әсер етеді деп тұжырымдалған. Сонымен қатар, студенттердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруда қолданылатын педагогикалық жағдайларды модельдеу, педагогикалық жағдайларды талдау, жобалау, ойын әдісі, кейс әдісі, проблемалық семинар, проблемалық дәріс сияқты әдіс түрлері нақтыланып, қалыптастыру критерийлері анықталған. Филолог-студенттердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру - маңызды және көп қырлы процесс екені белгілі. Міне, осы мақсатқа жетудің бірнеше негізгі жолдары теориялық білім беру, лингвистика, әдебиеттану және педагогика саласындағы іргелі білімдерді беру, оқыту әдістемесі мен технологияларын терең оқыту, практикалық дағдыларды дамыту болып табылады. Микро-сабақтар өткізу, оқу жоспарларын құру, талдау, оқу материалдарын әзірлеу, педагогикалық практика, мектептерде және басқа білім беру мекемелерінде тәжірибеден өту, нақты оқу процесіне қатысу филолог-студенттердің әдістемелік құзыреттілігін тиімді қалыптастыруға көмектеседі. Әр студенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бұл процесті жекелендіру де маңызды екені анықталған.