ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ИСЛАМҒА ҚАРАСТЫ САЯСАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (XVIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – XIX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530107Кілт сөздер:
Қазақстан, ислам, патша үкіметі, саясат, мешіт, діни қызметкерлер, институциаландыру.Аңдатпа
Бұл мақалада XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың басындағы исламға қатысты Қазақстандағы патша үкіметінің саясатын қалыптастырудың бастапқы кезеңі туралы мәселе қарастырылады. Оның ерекшеліктері мен жалпы сипаты анықталады және талданады. Осы саясаттың сол тұстағы «жұмсақтығының» алғышарттары мен себептері ашылады. Оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері сипатталған: исламға қатысты институциоландыруды жүзеге асыру; биліктің мұсылман дінбасыларының бір бөлігін (негізінен татар және башқұрт) өз мақсаттары үшін пайдалану; қазақ жерлерінде ресей әкімшілігінің мешіттер мен мектептерді ашуы; қазынадан арнайы қаражат бөлу және т. б. Жұмыста патшаның исламға қатысты діни саясатының Қазақстанда қарастырылып отырған уақытта «жұмсақтығы» бірқатар ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерінен болғандығы сипатталған. Оның жаңашыл тұстары аталған саясаттың нақты жеке кезеңдерінің ерекшеліктері бөлек қаралынуында, айтар болсақ, бастапқы кезеңі. Оған қоса осы саясаттағы II-ші Екатеринаның орны жөнінде автордың өз пікірін ортаға салу, яғни мәселенің субъективті жағы туралы айтылады. Сондай-ақ, исламды қазақ қоғамына патша үкіметі әкелмегені, оның ондағы институттандырылуына ғана ықпал еткені, ал мұсылмандық синкреттік түрде бұған дейін де мұнда болғаны жөніндегі өз тұжырымдары. Жалпы, автор негізінен қарастырылып отырған саясат қазақ жерлерін Ресей империясының құрамына "ауыртпалықсыз" енгізу мақсатымен байланыстырады.