ҚОЙЛАРДЫҢ БРАДЗОТЫ КЕЗІНДЕГІ ТОПЫРАҚТЫМИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

  • Кенжебек Есмагамбетович Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-8827-6444
  • Нуржан Жангирханович Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6116-7523
  • Мурадым Алибекович Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0006-7420-8738

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530404

Кілт сөздер:

Брадзот, Clostridium septicum, патогенділік, биосынама, қоректік орта, топырақ сынамасы.

Аңдатпа

Мақалада қой брадзоты анықталған шаруашылықтағы топырақ үлгілерін микробиологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу барысында Clostridium septicum тектес анаэробты қоздырғыштардың топырақтан бөлініп алынуы қойлардың брадзот ауруына шалдығуы мен қоршаған ортаның ластануы арасында тікелей байланыстың бар екенін көрсетті.

Қоректік орталарда өсірілгенде бөлініп алынған қоздырғыш морфологиялық және биохимиялық сипаттары бойынша брадзот қоздырғышына тән белгілер көрсетті. Лабораториялық жануарларға жұқтыру нәтижесінде қоздырғыштың уыттылығы дәлелденіп, идентификациясы жүргізілді.

Аурудың негізгі көзі – ауруға шалдыққан мал және жануар өлекселері. Олар өз нәжісімен, зәрімен және түрлі секреттерімен Clostridium septicum спораларын сыртқы ортаға шығарады.

Зерттеу нәтижелері қойлар болған жайылым, шарбақ, қора-жай топырақтарының қоздырғышпен жоғары дәрежеде ластанатынын көрсетті. Бактериологиялық зерттеу барысында бұл аймақтардан қоздырғыштың жоғары вирулентті штаммдарын жиі бөліп алуға мүмкіндік туды.

Осыған байланысты ауру анықталған шаруашылықтарда мал қораларын, жайылым аумақтарын және өлекселер жатқан аймақтарды кешенді түрде дезинфекциялау маңызды. Өлекселермен және жұқтырылған топырақпен жұмыс істейтін қызметкерлер, әсіресе ветеринар мамандар, биоқауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.

Өлекселерді дер кезінде жою және қоршаған ортаны санитарлық тазалау эпизоотияның алдын алуда шешуші рөл атқарады. Қой брадзотының таралуына әсер ететін факторларды, әсіресе бактерия тасымалдаушылық пен топырақтың эпизоотологиялық маңызын анықтау мақсатында арнайы микробиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Бұл жұмыстар Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданындағы шаруа қожалықтарында, қой брадзотының клиникалық және патологоанатомиялық белгілері анықталған жағдайларда орындалды. Ауру малдар мен өлекселер тіркелген қора-жайлардан, жайылым аумақтарынан, суат маңдарынан және мал жүретін жолдардан топырақ сынамалары іріктеліп алынды. Топырақ үлгілері стерильді контейнерлерге салынып, арнайы сақтау режимін сақтай отырып зертханаға жеткізілді.

Микробиологиялық зерттеу жұмыстары «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Сынау орталығында» жүргізілді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Кенжебек Есмагамбетович, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    ветеринария ғылымдарының кандидаты

  • Нуржан Жангирханович, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    ветеринария ғылымдарының кандидаты

  • Мурадым Алибекович, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 21

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.