ПРОФЕССОР ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202430205

Кілт сөздер:

Тіл білімі, фонология, дауысты және дауыссыз дыбыстар, сингармонизм, буын, сөз саны, сөз тіркесі, сөйлем, терминдік қолданыстары, фонема теориясы.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіл білімі саласында танымал ғалым Құдайберген Жұбановтың өмір жолы, ғылыми және педагогикалық еңбектері туралы  баяндалған.  Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тілінің алғашқы шешуін күткен мәселелерін, қазақ әліпбиі мен жазу емлесін түзеу, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру, қазақ терминологиясын қалыптастыру, қазақ тілінің алғашқы ғылыми оқулықтарын жазу  сияқты т.б.  ғылыми  жұмыстарға белсене араласқаны сөз болады.  Ғалымның  еңбектерімен танысу барысында оның қазақ тілін ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеуге назар аударғанын байқауға болады. Ол  қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын таныту үшін  қазақ тіліндегі әр сөздің фонетика, лексика-грамматикалық ерекшеліктерін, тарихи даму заңдылықтарын терең талдап көрсете білгені туралы айтылады.

Тілтаным мәселесі жөніндегі  көзқарастарын терең тану үшін ғалымның «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар» еңбегі, «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығы, «Қазақ тілінің програмы» бағдарламасы, «Жаңа грамматиканың жаңалықтары», «Қазақ тілінің емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері», «Из истории порядка слов в казахском предложении», «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах»,  «Образование  сложных слов в казахском языке», «О формах сочетания слов в казахском языке», «Служебные слова», «О построении речи на казахском языке», т.б. ғылыми еңбектеріне талдау жасалады.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 276

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.