ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНЕ ҚОНЫСТАНҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРҒА ҚАРАСТЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.62724/202420107Кілт сөздер:
Репатрианттар, қандастар, Батыс Қазақстан, бейімделу, халықтың көші-қоны.Аңдатпа
Мақалада Тәуелсіздік жылдары тарихи Отанына оралған қандастардың Батыс Қазақстан аймағы бойынша орналасуы, әлеуметтік бейімделуі, өлкенің экономикалық-мәдени саласына қосқан үлесі зерттеледі.
Мақалада мемлекеттік саясат, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар, көші-қон үдерісі есебінен демографиялық дамудағы өзгерістер негізінде көшіп келген оралмандардың жергілікті халықпен саяси, этникалық, мәдени байланысы зерттеледі, олардың атамекенге келгендегі бейімделуі, әлеуметтік жағдайы, жергілікті халықпен қарым-қатынасы қарастырыла отырып, жаңа ғылыми зерттеулер, жазба деректер, этнографиялық материалдар салыстырылып талданып, сұхбаттасу жүргізілді.
Мақалада Батыс Қазақстанның Орал қаласы халқының әлеуметтік-демографиялық даму тарихына, өңірімізге келген қандастарымыздың жергілікті жерге бейімделуі, тұрмыс-жағдайы, өлкеміздің экономикалық-мәдени саласына қосқан үлесін баяндадық. Батыс Қазақстанның демографиялық даму қарқынына қарай қалалану үрдісінің қуатының артқандығы, қала үлгісіндегі ауылдардың санының осы оралмандар есебінен артуы тілге тиек етілді. Көші-қон үрдісі халықтың қоныстануы мен басқа ұлттардың өз тарихи Отанына көшіп кетуі яғни этнодемографиялық үрдістердің өзгеруі Батыс Қазақстанның халқының демографиялық жағдайына әсерін тигізді. Көші-қон үрдісі қала халқының қазіргі бет-бейнесін қалыптастырды. Алайда, қала халқының этникалық құрылымының келбеті өзгерді. Бұл өлкеміздегі халық құрамының көп ұлттылығымен ерекшеленуде.