МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОГРАФИЯСЫ

Авторлар

  • Калменов Мурат Дабылович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университі Автор https://orcid.org/0000-0001-9446-5500

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620103

Кілт сөздер:

Тарихи топография, қала, археология, орта ғасырлар, Қазақстанның Батыс өңірі, Маңғыстау түбегі, Қызылқала, Кетікқала

Аңдатпа

Ұсынылған мақала тарихи-топографиялық тұрғыдан Маңғыстау түбегінде орналасқан ортағасырлық қалалардың археологиялық материалдарын талдау болып табылады. Қазақстанның батыс өңіріндегі ортағасырлық қалалық мәдениетті кешенді зерттеу ұлттық тарихтың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы мәселе шеңберінде Маңғыстау түбегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштері көп перспективалы өңір болып тұрғаны белгілі. Мақалада қала орталықтарының пайда болуы және орта ғасырлардағы урбанизация процестерінің ерекшеліктері, атап айтқанда, қалалар топографиясының өзгеруі, жаңа құрылымдық элементтердің пайда болуы туралы қысқаша талдау берілген. Сауда, оның ішінде халықаралық сауда адамзат тарихындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен өмір сүруіне үлкен әсер еткені кеңінен танымал. X ғасырдан бастап жергілікті, аймақтық және халықаралық сауданың дамуы нәтижесінде аймақта қалалар қалыптаса бастады. Қаланың өмірі, оның әл-ауқаты мен өркендеуі саудамен тікелей байланысты болды. Соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер аймақтағы қалалардың даму деңгейі ортағасырлық Орталық Азия қалаларынан төмен емес екенін дәлелдеді. Мысалы, Қызылқаланың орталық бөлігі бекініс пен тығыз инфрақұрылымы бар шахристаннан тұрды. Шахристанға рабад пен үйлердің аумағы іргелес болды. Сонымен қатар, дамыған ирригациялық жүйелер құрылған аумақта қала тұрғындарының өңдеуге арналған алқаптары да болды.

Мақалада аймақтың ортағасырлық қалалары туралы ақпарат және олардың орналасқан жерін әр түрлі анықтайтын жазбаша дереккөздер қарастырылады. Солтүстік-Шығыс Каспий тарихи-географиялық шағын ауданының ортағасырлық қалаларын жүйелеуге әрекет жасалды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 273

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.