ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЙЫК ҚАЛАШЫҒЫНАН ТАБЫЛҒАН КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР(2015 жылғы қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430106Кілт сөздер:
Жайық қалашығы, керамика өндірісі, станокта жасалған керамика, қолдан жасалған керамика.Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақала археологиялық кешендерде ең көп табылатын бұйымдардың бірі – керамикаға арналған. Қысқаша археологиялық талдаудың негізінде табылған бұйымдардың кейбір түрлеріне морфологиясы мен техникалық ерекшеліктері сипатталады. Мақаланың зерттелу негізі 2015 жылғы далалық маусымда Жайық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған материалдардан тұрады. Қыш бұйымдардың өндірісі қолөнердің мамандандырылған түрлерінің бірі ретінде болып, арнайы техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығына ие. Қышты күйдіру технологиясы туралы мәліметтерді зерттеу, бір аймақ шеңберінде хронологиялық кезеңде арнайы құрылғылардың эволюциясын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, белгілі бір кезеңдегі керамикалық бұйымдарды өндіру технологиясының деңгейі туралы мәлімет алып қорытынды жасауға, сондай-ақ қыш бұйымдарды жасау өнері дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, күйдіру пештерін егжей-тегжейлі талдау керамика технологиясында бір-біріне өзара әсер етуін және тәжірибе алмасуын анықтауға мүмкіндік береді. Солтүстік-Шығыс Каспий аймағының ортағасырлық қалалары үшін бұл маңызды, өйткені құрылымдарды талдау негізінде күйдіру пештерінің аймақта пайда болу уақыты және оның одан әрі эволюциясын білуге болады.