ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН АЙМАҚТЫҚ ТАРАЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620508Кілт сөздер:
құйрықты қойлар, тұқымдық құрылым, генетикалық ресурстар, таралу аймағы, ет-май өнімділігіАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы құйрықты қой тұқымдарының қазіргі жағдайы мен аймақтық таралуына жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылған. Етті-майлы өнімділік бағытындағы отандық қой тұқымдары қарастырылған: қазақтың қылшық жүнді құйрықты, еділбай, дегерес, қазақтың ұяң жүнді құйрықты, қазақтың қаракөл құйрықты, сарыарқа, ордабасы және байсары. Олардың саны, тұқымішілік құрылымы, географиялық орналасуы және еліміздің әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы өсірілу ерекшеліктері зерделенді.
Құйрықты қой өсіру кәсібі мал шаруашылығының стратегиялық маңызды салаларының бірі, әрі аридті және жартылай аридті аумақтардың табиғи жайылым ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Ең кең таралғаны – жергілікті қазақы қылшық жүнді құйрықты тұқымы, оның үлесі асылтұқымды қойлардың жалпы санының 63%-дан астамын құрайды. Құйрықты қой тұқымдарының негізгі шоғырлану аймақтары республиканың оңтүстік, батыс және орталық өңірлеріне тиесілі.
Құйрықты қойлардың жоғары бейімделгіштігімен, қатаң табиғи-климаттық жағдайларға төзімділігімен, тез жетілгіштігімен және жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалануымен ерекшеленетіні сипатталған. Олардың генетикалық ресурстарды сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты көшпелі жайылымдық мал шаруашылығын дамытудағы маңызды рөлі баяндалған. Зерттеу нәтижелері селекциялық-асылдандыру бағдарламаларын әзірлеуде, тұқымдарды аймақтандыру жүйесін жетілдіруде, сондай-ақ құйрықты қойлардың генофондын ұтымды пайдалану стратегиясын қалыптастыруда қолданылуы мүмкін