ҚАЗАҚ ТҰҚЫМДЫ САУЫНДЫ БИЕЛЕРДІҢ ЗООТЕХНИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610501Кілт сөздер:
жылқы шаруашылығы, қазақ тұқымы, биелер, мониторинг, дене өлшемдері, тірі салмақ, сүт өнімділігі.Аңдатпа
Жұмыстың мақсаты – қазақ тұқымды биелерге зоотехникалық мониторинг жүргізу.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығыс аймағындағы қазақ тұқымды жылқылар (Жуалы ауданындағы «Ертай» ШҚ, Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» ШҚ, Байзақ ауданындағы «Шилі-Қарын» ШҚ).
Зерттеу барысында жануарлардың шығу тегін анықтау, тірі салмағын және биелердің сүт өнімділігін бағалау бойынша жалпы қабылданған зоотехникалық әдістер қолданылды. Қазақ тұқымды биелерді кешенді бағалау жылқыларды бонитировкалау жөніндегі нұсқаулыққа (2014 ж.) сәйкес жүргізілді. Тәжірибелік топтар жұп-аналогтар әдісімен қалыптастырылды (Baimukanov et al., 2024). Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу жалпы қабылданған әдістеме бойынша Microsoft Excel 97 бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулер «Шилі-Қарын» ШҚ жағдайында құлыншақтардың тірі салмақ өсімі 121,9 кг болғанын көрсетті, бұл биелердің 1828,50 кг сүт беруіне сәйкес келеді. Алты ай ішінде ұрғашы құлындардың тірі салмақ өсімі 107,4 кг болып, биелердің сүт өнімділігі 1611,00 кг құрады. «Шәушен» ШҚ жағдайында құлыншақтардың алғашқы алты айдағы тірі салмақ өсімі 129,8 кг болып, бұл 1947,00 кг сүт өнімділігіне сәйкес келеді. Ұрғашы құлындарда бұл көрсеткіш 123,3 кг немесе 1849,50 кг сүт өнімділігіне тең. «Ертай» ШҚ жағдайында құлыншақтардың тірі салмақ өсімі 139,6 кг (2094,00 кг сүт өнімділігіне сәйкес), ал ұрғашы құлындарда 3 күннен 6 айға дейінгі кезеңде 131,1 кг (1966,50 кг сүт өнімділігі) болды.