ЖАРТЫЛАЙ ҚҰРҒАҚ ДІРІЛ – ҚАЛЫПТАУ ӘДІСІНІҢ ТРАТУАР ТАС ТАҚТАШАЛАРЫНЫҢ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540706Кілт сөздер:
тротуар плита, діріл престеу, жұқалық модулі, беріктік класы, аязға төзімділік.Аңдатпа
Мақалада жартылай құрғақ діріл-престеу технологиясын қолдана отырып тротуар плиталарын өндірудің ерекшеліктері қарастырылады. Бұл әдіс ұсақ өлшемді бетон бұйымдарын алуда тиімділігі мен үнемділігі жоғары инновациялық технологиялардың бірі болып табылады. Жартылай құрғақ бетон қоспасын пайдалану нәтижесінде алынған бұйымдар жоғары тығыздыққа, беріктікке және тозуға төзімділікке ие болады. Діріл мен престеуді бір мезгілде қолдану қоспаның құрылымын біркелкі етіп таратуға және өнімнің сапалы қалыптасуына жағдай жасайды.
Зерттеу барысында негізгі технологиялық параметрлерге талдау жасалған: бетон қоспасының құрамы мен ылғалдылық деңгейі, тығыздау қысымы, діріл жиілігі және қалыптау уақыты. Әртүрлі өндірістік тәсілдермен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы жартылай құрғақ діріл-престеудің өнімділік, өзіндік құн және экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан басымдықтары анықталды. Сондай-ақ өнім сапасын жақсарту мен өндірістік шығындарды төмендету мақсатында процесті оңтайландыру және шикізат таңдаудың тиімді жолдары ұсынылды.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері тротуар плиталары мен басқа да діріл-престелген бетон бұйымдарын өндірумен айналысатын кәсіпорындар үшін практикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Жұмыста өндіріс барысындағы өзекті мәселелер талданып, өндірістік желінің құрылымы мен қолданылатын материалдардың сипаттамалары зерттелген. Өндірістік қиындықтардың себеп-салдары айқындалып, материалдардың реотехнологиялық қасиеттері мен олардың өнім сапасына әсері бағаланған.