ҚАЗДАРДЫҢ РАЦИОНЫН ПРОБИОТИКТЕРМЕН ТҮЗЕТУ: МАЛ БАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Косилов Владимир Иванович Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4754-1771
  • Давлетова Айнур Маликовна Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет Автор https://orcid.org/0000-0002-3178-3277
  • Джумагалиева Айман Амангельдиновна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-0240-0241

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620501

Кілт сөздер:

қаз шаруашылығы, аталық-аналық топтағы қаздар, линда тұқымы, пробиотиктер, Ветом 1.2, Энзимспорин, мал басының сақталуы, тірі салмақ, жұмыртқалағыштық, өнімділік.

Аңдатпа

Аталған мақалада инда тұқымды аталық-аналық топтағы қаздарды азықтандыруда жаңа буынды «Ветом 1.2» және «Энзимспорин» пробиотиктерін қолдану тиімділігін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Тәжірибе Орынбор облысының құс шаруашылығындағы өндірістік жағдайда жүргізілді. Онда бағып-күту жағдайлары бірдей бір бақылау және алты тәжірибелік топ (әрқайсысында 80 бастан) құрылды. Тәжірибелік топтардың рационына пробиотиктер түрлі мөлшерде қосылды: «Ветом 1.2» – 1 тонна құрама жемге 1,3, 1,5 және 1,7 кг мөлшерінде, ал «Энзимспорин» – 1 тонна құрама жемге 0,8, 1,0 және 1,2 кг мөлшерінде.

Мәліметтерді талдау көрсеткендей, құрама жем құрамына пробиотиктерді қосу құстың өнімділігінің негізгі көрсеткіштеріне оң әсер етеді. Мәселен, тәжірибелік топтардағы мал басының сақталуы бақылау мәндерінен 1,25-3,75%-ға асып түсті. Ең жоғары нәтиже «Ветом 1.2» препаратын қолданғанда байқалды: бұл топтардағы қаздардың тірі салмағы бақылау тобымен салыстырғанда артты – атап айтқанда, 1,5 кг/т мөлшерлемесінде артықшылық еркек қаздарда 1,45%-ды, ұрғашыларында 1,75%-ды құрады.

Бұдан бөлек, жұмыртқалағыштықтың жоғарылауы байқалды: ақпан айында бақылау тобымен айырмашылық 0,7-9,6%-ға, наурызда 1,0-4,1%-ға жетті. Жұмыртқалағыштықтың ең жоғары көрсеткіштері «Ветом 1.2» препаратын 1 тонна жемге 1,5 кг мөлшерінде алған аналық қаздарда тіркелді: сәуір айында олар орта есеппен бір мекиенге 14,63 жұмыртқадан салды, ал бүкіл өнімділік кезеңінде – 45,82 жұмыртқа берді, бұл бақылау тобынан 6,4%-ға жоғары (P < 0,001).

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Косилов Владимир Иванович, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

  • Давлетова Айнур Маликовна, Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет

    PhD, қауымдастырылған профессор

  • Джумагалиева Айман Амангельдиновна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    ветеринария ғылымдарының магистры

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 330

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.