АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА КАВКАЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КҮШТЕП КӨШІРІЛУ ТАРИХЫ (1944 ЖЫЛ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610105

Кілт сөздер:

Күштеп көшіру, шешендер, арнайы қоныс аударылғандар, Ақтөбе облысы, архивтік деректер, кеңестік саясат

Аңдатпа

Мақалада 1944 жылы Солтүстік Кавказ халықтарының, соның ішінде шешендердің Ақтөбе облысына күштеп көшірілу тарихы архивтік деректер негізінде қарастырылады. Зерттеуде арнайы қоныс аударылғандардың облыс аудандарына орналастырылу жоспарлары, олардың колхоздарда, совхоздарда, өнеркәсіп кәсіпорындары мен артельдерде еңбекке тартылу ерекшеліктері, сондай-ақ тұрғын үй, азық-түлік, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары талданады. Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің құжаттары жергілікті билік органдарының ұйымдастырушылық әлсіздігін, арнайы қоныс аударылғандардың ауыр әлеуметтік-экономикалық ахуалын, антисанитарлық жағдай мен түрлі індеттердің кең таралғанын көрсетеді. Сонымен қатар мақалада шешендер мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік шиеленістердің себептері ашылып, кеңестік депортациялық саясаттың аймақтық деңгейдегі салдары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері кеңестік тоталитарлық жүйенің адам тағдырына тигізген зардаптарын және Қазақстан тарихындағы күштеп қоныс аудару үдерістерінің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіру тұрғысынан маңызды ғылыми қорытындылар ұсынады. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

91-99 тен 99

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.